424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғандар ұсталды

  • 53
  • UPD: 10:11, 19.11.2020
Қарағандыда ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғандар ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «СТОП ойын» профилактикалық шаралары шеңберінде Қарағанды қаласында заңсыз ойын бизнесі қызметінің жолын кесті.

Заңсыз айналымнан «Lotomatic» лотерея қызметінің атын жамылып, заңсыз қызметтер көрсету үшін пайдаланылған 3 ойын терминалы алынды.

«Тергеу барысында күдіктілер ҚР ҚК 307-бабының 1-б. көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәсін мойындады. Бүгінгі күні тергеу аяқталып, қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және одан әрі сотқа беру мақсатында заңдылықты тексеруді жүзеге асыру үшін қадағалау ведомствосына ұсынылды», - деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы