424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жыл басынан бері 83,8 мың тонна шоколад өнімдері шығарылды

  • 56
  • UPD: 10:39, 19.11.2020
Елімізде жыл басынан бері 83,8 мың тонна шоколад өнімдері шығарылды

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде 92,4 мың тонна печенье және басқа да ұзақ мерзім сақталатын кондитерлік өнімдер өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% артық.

Сонымен қатар шоколад және одан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі бір жыл ішінде 3,2% өсіп, 83,8 мың тоннаға жетті, деп хабарлады energyprom.kz. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша өнідірілген өнімнің 94,3%-і тек үш облыстың үлесіне тиесілі: Алматы, Қостанай облысы және Алматы облысы.

8 айдың қорытындысы бойынша жергілікті кондитерлік компаниялар шоколад пен одан жасалған кондитерлік өнімдерге деген сұранысты 50,4% қамтамасыз етті. Импорттың үлесі 49,6% құрады. Елге 63,6 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнімдер импортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1% артық. Экспортқа 25,3 мың тонна шоколад және шоколадты кондитерлік өнімдер жіберілді.

2020 жылдың қазан айында еліміздің дүкендерінде шоколад қосылмаған кәмпиттердің бір келісі 1,2 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% қымбат.

Жеміс-жидектер карамелінің бағасы (бір жылда 6,5%, бір келісі үшін 757,5 теңгеге дейін), пряниктің бағасы (8,4%, бір келі үшін 649,4 теңгеге дейін) және печеньенің (9,7%, бір келісі үшін 657,8 теңгеге дейін) қымбаттады.

Хабар 24 телеарнасы