422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

  • 67
  • UPD: 12:02, 19.11.2020
Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8%-і Өзбекстаннан, 9,1%-і Түрікменстаннан, 3,4%-і Моңғолиядан және 2,9%-і басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды.

10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды.

Хабар 24 телеарнасы