423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда үй күтуші қомақты ақшаны қолды қылды

  • 75
  • UPD: 14:50, 19.11.2020
Қостанайда үй күтуші қомақты ақшаны қолды қылды

Қостанай қаласында полиция бөліміне 63 жастағы тұрғын өзінің пәтерінен 7200 доллар, 2800 евро ақша ұрланғандығы туралы арызбен жүгінді.

Ол үй қызметкерінен күдіктенген. Жәбірленушінің айтуынша, күзден бастап пәтерін жинау үшін айына бір-екі рет келетін бейтаныс қызды жалдаған, деп хабарлады alau.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері 47 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын ұстады. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қаражат жартылай алынды. Күдікті ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген, қарызын төлеп, тіпті банкке депозитке салған.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Хабар 24 телеарнасы