425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батысқазақстандық фермерлер мемлекетке залал келтірді

  • 77
  • UPD: 18:46, 19.11.2020
Батысқазақстандық фермерлер мемлекетке залал келтірді

Батыс Қазақстан облысында фермерлер мемлекеттің қолдау шараларына жалған құжат тапсырып, оңай олжаға кенелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаяқтық дерегі Жәнібек ауданының жұмыспен қамту орталығында жүргізілген тексеріс нәтижесінде анықталды. Үш жыл бұрын жергілікті шаруа қожалығының жетекшісі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында агроқұрылымдағы еңбеккерлер туралы жалған мәлімет беріп, заңсыз қаражат иеленген. Бір жыл өткен соң, тағы бір шаруа дәл осындай құйтырқы әрекетпен пайда көрген. Салдарынан мемлекетке 3 млн теңгеден астам зиян келді. Бұдан өзге ақпараттарды полиция департаменті әзірге мәлімдемеді.

Мөлдір Садырғалиева, ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

– Бір факт 2017 жылы орын алған, бұл жағдайда азамат 1 млн 200 мың теңгеден астам қаражат алған болса, екінші жағдай 2018 жылы орын алып, 1 млн 900 мың теңгеден астам қаражат мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған болатын. Қазіргі таңда осы жайттар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы