422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өкпені жасанды желдетуге арналған қазақстандық аппараттардың сапасы сын көтере ме?

  • 60
  • UPD: 18:46, 19.11.2020
Өкпені жасанды желдетуге арналған қазақстандық аппараттардың сапасы сын көтере ме?

Өкпені жасанды желдетуге арналған қазақстандық аппараттардың сапасы сын көтермейді және кейбір құрылғылар ауруханаларға толық жеткізілмеген деген ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вице-министр Талғат Жанжүменовтің айтуынша, 1300-ден астам медициналық құрылғының қолданылмау себебі – қажеттіліктің уақытша болмауында. Еске сала кеткен жөн, бүгін Парламент Сенатының отырысында депутат Нұрлан Қылышбаев Түркістан мен Жамбыл облыстарындағы жағдайды мысалға келтіріп, өкпені жасанды желдетуге арналған отандық өнімдердің сапасын сынға алған болатын.

Талғат Жанжүменов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

– ИВЛ аппараттардың бәрі орнына жеткізілмеген деген ақпарат шықты. Ол жалған ақпарат. Бүгінгі күні 1500 ИВЛ аппараты 297 ауруханаға жеткізілді. Оның 140-ы қазіргі күнде жұмыс істеп тұр. Қалғандары әлі жұмысқа қосылмаған, өйткені тиісті емделетін адамдар әлі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы