424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаты адам құқығын бастауыш сыныптан бастап оқытуды ұсынды

  • 55
  • UPD: 19:10, 19.11.2020
Сенат депутаты адам құқығын бастауыш сыныптан бастап оқытуды ұсынды

Балаларға қатысты қылмыс саны 8 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп палатаның жалпы отырысында осы статистиканы жариялап, адам құқығын бастауыш сыныптан бастап оқытуды ұсынды. Өйткені бүлдіршіндер өздеріне қарсы жасалған зорлық-зомбылық деректерін көбіне жасырады. Өйткені баланың құқығын бұзғандардың 70 проценті олардың туысы болып шығады. Сенатордың айтуынша, жалпы отандастарымыз арасында өз құқықтарын білмейтіндер көп. Салдарынан елде қабылданып жатқан заңдар толыққанды қолданылмай жатыр.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қазір жоғары сыныптарда «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Оның мазмұны адам құқықтары мен бостандықтарының мәні, оларды қорғау тәсілдеріне емес, адам табиғаты туралы жалпы пайымдаулар төңірегінде ғана жүреді. Қоғамдағы ахуалды ескеріп, аталған пәнді бастауыш сыныптардан бастап оқытқан жөн деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы