422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында банкрот болған құс фабрикасы қайта ашылады

  • 63
  • UPD: 19:07, 19.11.2020
Қостанай облысында банкрот болған құс фабрикасы қайта ашылады

Инвесторлар Қостанай облысындағы құс фабрикасына қайта жан бітіруді көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорын айналма қаражаттың жоқтығынан жеті жыл бойы тұралап қалды. Қарызы екі миллиард теңгеден асып, банкрот болған. Осы уақытқа дейін кепілдегі құс қоралар мен жабдықтар түгел сақталды. Қазір жергілікті билік жарық, газ, су және кәріз жүйелерін тарту мәселесін қарастырып жатыр. Сәтін салса, инвестор алғашқы өнімді келер жылдың басында сатылымға шығарады. Нысан айына бір мың тонна құс етін өндіретін болады.

Қайрат Сәлмағамбетов, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары:

– 250-300 адамды жұмыспен қамтимыз деп отыр. Екіншіден, бізге көп пайда түседі. Салық бойынша қарағанда да. Үшіншіден өндіріс бойынша да шығамыз. Франциядан инвесторлар келді, еліміздің бөтен облыстарынан, өзімізден де келді. Бірақ олардың іс жобалары іске асырылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы