425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында бір күнде 17 адам індет жұқтырған

  • 77
  • UPD: 19:56, 19.11.2020
Атырау облысында бір күнде 17 адам індет жұқтырған

Қауіпті вирусқа шалдыққан науқастардың 14-і қалада тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалғаны Құрманғазы мен Махамбет ауданынан анықталды. Олардың алтауында ауру симптомды түрде, қалғанында симптомсыз екені белгілі болды. Бүгінде 103 адам үй жағдайында, 28 науқас облыстық стационарда емделіп жатыр. Ауру ошағы саналған Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 адам емделуде. Өткен тәулікте 19 атыраулық жұқпалы аурудан айығып шықты. Мамандар өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп отыр.

Асхан Байдуалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

– Ауруханалардың екінші толқынға дайындығы осыдан 2 жарым айдан басталған. Негізінде, 520 инфекциялық орын-төсек дайын. Соның қазір толтырылғаны – 60 адам. Жалпы, дайындық толық деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы