424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1,5 млрд теңге салық төлемеген кәсіпкер қамауға алынды

  • 64
  • UPD: 19:57, 19.11.2020
1,5 млрд теңге салық төлемеген кәсіпкер қамауға алынды

Оралда екі жыл бойы ел қазынасына 1,5 миллиард теңге салық төлемеген кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса ол 143 миллион теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Облыстық экономикалық тергеу департаменті мамандарының айтуынша, кәсіпкер мемлекеттік сатып алуға қатысып, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржыны ұрлаған. Күдіктіге қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды.

Айнагүл Мұташева, БҚО экономикалық тергеу департаментінің бас маманы:

– Қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін облыстағы кәсіпорындардың бірінің директоры күдікті ретінде ұсталды. Қазіргі таңда ҚР ҚПК 128 бабына сәйкес, Орал қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы