424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда екі автокөлік көпірі пайдалануға берілді

  • 49
Талдықорғанда екі автокөлік көпірі пайдалануға берілді

Талдықорғанда «Қызылтас» және «Шайқорған» саяжай аумақтарына апаратын екі автокөлік көпірі пайдалануға берілді.

Өткен ғасырдың 60 жылдары Қаратал өзенінің үстінен салынған қос нысан әбден ескіріп, тозығы жетіп тұрған еді. Оның біреуі аспалы көпір. Саяжай тұрғындары бұл апатты жағдайдағы көпірлер опырылып немесе үзіліп кетіп, адам шығыны бола ма деп қауіптенетін. Оны жергілікті билік өкілдеріне талай мәрте айтты да. Осындай сын-ескертпелерден соң бюджеттен 595 млн теңге бөлініп, мамыр айында көпір салу жұмыстары басталды. Карантиндік шаралар кезінде де құрылыс жұмыстары еш толастамады. Соның нәтижесінде аталған екі жаңа нысан халық игілігіне берілді.

Қуаныш Тайшыбаев, «Шайқорған» саяжай аумағының тұрғыны:

– Бұрын мынау аспалы көпір болды. Боран, жауын-шашында бала-шағамен әрі-бері өтіп жүру қиын болған. Арғы жаққа көлікпен қатынаса алмайтынбыз. Ол жақтың адамдары жер-көкті айналып жүрді ғой. Ал енді айтатын алғысымыз, рахметіміз көп!

Хабар 24 телеарнасы