422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 10 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

  • 55
  • UPD: 09:23, 20.11.2020
Елімізде 10 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр, 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 220 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 26 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.

Хабар 24 телеарнасы