424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында 16 заңсыз ойын орны анықталды

  • 53
  • UPD: 09:59, 20.11.2020
Түркістан облысында 16 заңсыз ойын орны анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «STOP-ойын» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде соңғы екі аптада Сарығаш, Түркістан, Кентау және Жетісай қалаларында 16 заңсыз ойын орнының жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Нәтижесінде заңсыз ойын орындарынан 39 теледидар, 71 процессор, 69 монитор, чек шығаратын 25 принтер және 12 сканер, 1,2 млн теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп алынды. Осы негізде заңсыз ойын орындарын жолын кесу, анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады», - деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Заңсыз ойын орындарының қызметін анықтаған жағдайда комитеттің 8 (7172) 70-84-78, Түркістан облысы бойынша ЭТД 8 (72533) 3-29-87 сенім телефондары арқылы хабарлауға болады.

Хабар 24 телеарнасы