422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Цой туберкулезге қарсы қабылданған шаралар туралы айтты

  • 45
  • UPD: 12:23, 20.11.2020
Алексей Цой туберкулезге қарсы қабылданған шаралар туралы айтты

18-19 қарашада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Туберкулезді тоқтату» Серіктестік кеңесі басқармасының 33 отырысына қатысты.

«Біздің алдымызда 2030 жылға қарай туберкулез індетін жою бойынша нақты мақсаттар, сондай-ақ 2018 жылғы 26 қыркүйекте БҰҰ-ның туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Бас ассамблеясының жоғары деңгейдегі отырысында мақұлданған Саяси декларация және ДДСҰ-ның «Туберкулезді тоқтату» стратегиясы тұр», - деді А.Цой.

Әлемдік қауымдастық туберкулезге шалдыққан әрбір науқасты назардан, медициналық және әлеуметтік көмектен тыс қалдырмауы керек. Әсіресе пандемия кезінде. Оның үстіне ДДСҰ бағалауы бойынша 2020-2025 жылдар аралығында 6,3 миллион адам туберкулезге шалдығады және COVID-19  әсері салдарынан 1,4 миллион науқас қайтыс болуы мүмкін.

«Әлем елдері бірігіп күрескенде ғана қоғамдық ауруға айналған туберкулезді жоя аламыз», - деді А.Цой.

Жиын аясында Африка денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда А.Цой әлемдік қоғамдастықты, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде МСАК-ты күшейтуге шақырды. Министр қазір Қазақстанның туберкулезбен ауыратын науқастарға стационарлық деңгейде көмек көрсету моделінен МСАК және стационарды алмастыратын емдеу моделіне көшкенін хабарлады.

«Біз туберкулезге қарсы ұйымдарды қаржыландырудың жаңа тетігін әзірледік. Төсек-орын қорын қысқарту есебінен үнемделген қаражат қайта бөлінеді. Осылайша, туберкулезге шалдыққан науқастарды амбулаториялық емдеу мүмкіндігі кеңейді, емдеу мен профилактикада жаңа технологиялар қолданылуда. МСАК деңгейінде науқастарға психо-әлеуметтік қолдау көрсетіледі», - деді А.Цой.

Хабар 24 телеарнасы