422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орын алды

  • 50
  • UPD: 14:36, 20.11.2020
Алматы «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орын алды

Алматы ел өңірлерінің арасында «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орын алды.

Бұл туралы қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айтуынша, қазіргі уақытта «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы «Зерде» холдингімен бірлесіп Алматы әкімдігінің АТ-архитектурасын әзірлеуде. Осы мақсатта ақпараттық жүйелерді түгендеу, ағымдағы ахуалды талдау жүргізілді және одан әрі даму басымдықтары айқындалды.

«2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласы еліміздің барлық өңірлері арасында «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орынға ие болды. 2019 жылы біз екінші орынға ие болдық. Бұл рейтингті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «ақылды» қалалардың эталондық стандарты негізінде жүргізеді. Бұл стандарт қала тіршілігінің 11 бағыты бойынша 100-ден астам жобаны қамтиды», - деп хабарлады Б.Қоңырбаев.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер түрлерінің 90%-і электронды болып табылады. balabaqsha.open-almaty.kz, bilimalmaty.kz ақпараттық жүйесі, «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі, «InfoLab» АЖ, Автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйесі, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы және т.б. сынды ақпараттық жүйелер қызмет етуде.

АТ-қоғамдастығымен уақтылы ақпараттандыру және өзара белсенді іс-қимыл жасау үшін digital-almaty.kz. порталы әзірленді. Оның платформасында әзірлеушілер қаланы цифрландыру бойынша өз идеяларын ұсына алады.

«Егер сізде қызықты қосымша немесе жаңа ақпараттық жүйені құру идеялары болса, оларды порталға орналастыра аласыз. Егер ұсыныстарыңыз қызықты болса, біз оларды жүзеге асыруға көмектесеміз. АТ-мамандарын, креативті цифрлық ұйымдастырушыларды порталды өз идеяларын орналастыру үшін пайдалануға шақырамыз», - деп үндеді Б.Қоңырбаев.

Хабар 24 телеарнасы