420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да шектеу шаралары күшейтілмейді

  • 101
ШҚО-да шектеу шаралары күшейтілмейді

ШҚО-да карантиндік шектеулерді күшейту жоспарда жоқ.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде аймақ басшысы Даниал Ахметов осылай деді. Оның айтуынша, әзірге өңірде қабылданған сақтық шаралары жеткілікті көрінеді.

«Тұрғындар қауіпсіздік талаптарын тиісті деңгейде сақтаса, бәрі жақсы болады», – деді облыс әкімі.

Дегенмен аймақта инфекцияның таралуына байланысты күрделі жағдай әлі де сақталып отыр. Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 14 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі уақытта 659 науқас ауруханаларда емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы