423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада АИТВ-ге шалдыққан бес әйел дені сау баланы дүниеге әкелді

  • 56
  • UPD: 15:56, 20.11.2020
Елордада АИТВ-ге шалдыққан бес әйел дені сау баланы дүниеге әкелді

Нұр-Сұлтанда қалалық ЖИТС орталығы 2018-2020 жылдарға арналған Жаһандық қордың грантын иеленді.

Жоба АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына профилактикалық қызмет, қамқорлық пен қолдау көрсететін төрт ҮЕҰ-мен ынтымақтастықта болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Грантты іске асыру әлеуметтік қорғалмаған топтарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге көмектеседі, барлығы 50-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Пандемияның алғашқы толқыны кезінде 375 отбасы азық-түлік пакеттері мен балаларға арналған киім жиынтықтарын алды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бір күнге де тоқтаған жоқ. ҮЕҰ-ның әлеуметтік қызметкерлері науқастарға дәрі-дәрмек жеткізді, басқа қызметтерге көмектесті», - делінген қалалық ЖИТС орталығының есебінде.

Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға тоқсан сайын 5 АЕК –13 890 теңге, сондай-ақ 2,5 АЕК – 6 945 теңге 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне әлеуметтік көмек көрсетіледі.

АИТВ жұқтырған балаларға төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді.

«2020 жылдың қазан айынан бастап қалалық мәслихаттың шешімімен АИТВ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балаларға 25 АЕК (69 450 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі», - деп түсіндірді ЖИТС орталығы.

Нұр-Сұлтанда адамдардың 95%-і өздерінің оң нәтижелерін біледі (Қазақстан Республикасында 83%). Бүгінде диспансерде 1287 адам есепте тұр, оның ішінде ер адамдар – 785 (61%), әйелдер –  502 (39%), оның ішінде фертильді жастағы әйелдер – 432 (33%). Фертильді жастағы әйелдер арасында 184 бала туу тіркелді. Оның ішінде АИТВ жұқтырған 5 әйел үш және одан да көп рет жүкті болып, дені сау баланы дүниеге әкелді.

«Олардың барлығы АРТ-дан жүктілікке дейін және жүктілік кезінде өтуі керек болатын. Бүгінгі таңда ЖИТС орталығында 18 жасқа дейінгі 20 науқас есепте тұр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы