422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: санитарлық бекеттерде жағдай жасалмаған

  • 131
  • UPD: 19:04, 20.11.2020

Шығыс Қазақстан облысындағы санитарлық бекеттердегі дәрігерлер мен полиция қызметкерлері ол жерде жұмыс істеуге жағдай жоқ екенін айтып шағымданып жатыр.

Себебі соңғы бір аптада аймақта күн райы түнде 20-23 градусқа дейін суытса, күндіз де 15-20 градустан түспей тұр. Ал санитарлық бекеттерде қойылған шатырлардың ішінде жағдай жасалмаған. Шатырдың ішін көмірмен жағылатын пешпен жылытады. Бекеттегі мамандар отты да өздері жағатанын айтады. Бірақ шатырдың іргесі ашық-шашық. Одан жел гулеп тұр. Аязды күндері іші будан көрінбейді. Полиция қызметкерлері мен медицина мамандары бекеттерде кезекпен күндіз-түні жұмыс істейді. Сондықтан олар «ары-бері өткен жолаушылардың денсаулығын тексереміз бе әлде от жағамыз ба» деп шағымданып отыр. Бекеттердің маңына қойылған  био-дәретханалардың бәрі қатып жатыр.  Ал ең негізгі проблема суықтың кесірінен дәрігерлердің қолындағы адамдардың дене температурасын өлшейтін термометрлар да қатып, істен шығып жатыр.

- Мынау құсап шыққанда басамыз. Міне шығатыны мүлде істемей қалды. Анау жолы күн жылылау болғанда 30 көрсететін. Қазір міне мүлде көрсетпейді. Алдымен жағдай жасау керек ғой, суық болса. Мынаның ішінде отыру мүмкін емес қой, бұл жазға арналған шатыр, мысалы. Жылынатын жеріміз осы міне.

Асқар Хорошаш, ҚР Денсаулық министрлігінің шқо облысындағы өкілі:

- Біз санитарлық бекеттердегі жағдайларды білеміз. Сондықтан қосымша материалдық жабдықтауды қолға алдық. Олардың жұмысы жеңілдеуі үшін жылдың соңына дейін тағы 216 жедел жәрдем көлігі алынады.

Хабар 24 телеарнасы