425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орманшыларға дене жарақатын салған екі тұрғын ұсталды

  • 94
  • UPD: 17:01, 20.11.2020
Орманшыларға дене жарақатын салған екі тұрғын ұсталды

Қызылордада орман шаруашылығы инспекторларына күш қолданған қала тұрғындары ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

18 қарашада сағат 18:57 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін қорғау және орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерінен Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде «Газель» автокөлігінің заңсыз сексеуіл тиеп бара жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Аталған мекеменің инспекторлары көлікті тоқтатқан. Алайда автокөлік жүргізушісі қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбай қашып, бір үйдің алдына барып тоқтап, жанындағы серігі екеуі орманшыларға күш қолданып, дене жарақаттарын салған. Тексеру барысында күдіктілердің екеуі де қала тұрғыны болып шықты. Олар ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде 50 қап сексеуіл алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігімен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы