422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-ның бас санитар дәрігері жұмыстан кетті

  • 59
  • UPD: 21:28, 20.11.2020

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері жұмысынан кетті.

Серікбай Қасмақасов қызметін өз еркімен босатқан. Әзірге оның себебі айтылмай отыр. Енді санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін Арман Күшбасов атқарады. Ол бірден жаңа қаулы шығарып, азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақытын түнгі 22:00-ге дейін ұзартып, сауналарды жапты. Өңірдегі жағдай мәз емес. Соңғы тәулікте 85 адам ауырып қалған. 22 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.   

Арман Күшбасов, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м. а.:

- Соңғы екі аптада жұқпалы дерт 2 есеге жуық артты. Бұл маусымдық тұмаудың өршуіне де байланысты. Халық көп ауыра бастады. Қазір күніне 1 мың 700-ге дейін зертханалық тест жасалады.

Хабар 24 телеарнасы