423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда жер кезегі жылжымай тұр

  • 91
  • UPD: 20:09, 20.11.2020
Атырауда жер кезегі жылжымай тұр

Бүгінде облыс бойынша 117 мыңнан астам азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға берген өтініштері шешімін таппаған.

Оның 89 мыңы Атырау қаласына тиесілі. Биыл облыста 3 516 жер учаскесін беру жоспарланған. Алайда бар болғаны 919 жер телімі ғана пайдалануға беріліпті. Түйткілді мәселені шешу үшін кезекті бірыңғай жүйеге келтіретін электронды база жасалған еді. Бірақ ол жүйе Атырау қаласы мен Жылыой және Қызылқоға аудандарында ғана жұмыс істеп тұр.

Әлібек Ермекқали, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Оның себебі Жер кодексі талаптарына сәйкес Қазақстан азаматтарына жер телімдерін беру үшін инфрақұрылым жүргізу қажет. Сол дайын болған жағдайда ғана кезек кезең-кезеңімен жүреді. Қазіргі таңда «Зарослый», «Дамбы», «Атырау» елдімекендері маңынан жер телдімдері дайындалып беру жоспарланған. 2004-2005-тегі кезек толығымен аяқталғаннан кейін желтоқсан немесе қаңтар айында 2006 жылғы жердің кезегі ашылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы