422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет қолдауымен мал өсірген шаруалар көпшілікке үлгі көрсетіп отыр

  • 69
  • UPD: 21:04, 20.11.2020
Мемлекет қолдауымен мал өсірген шаруалар көпшілікке үлгі көрсетіп отыр

Жеңілдетілген несиенің арқасында ісін дөңгелеткен қожалықтардың кейбірі жергілікті нарықты өзіндік өніммен қамтып жатыр. Ауылда төрт түліктен бөлек «Еңбек» бағдарламасы аясында қызмет көрсету ісін бастағандар саны да артқан.

Мал өсіріп, өнімін өткізіп отырған Ерхан Байтазиннің қожалығында қазір 200-ге жуық ірі қара бар. Бұл соңғы үш жылда жиналған Зеңгі баба тұқымы. 30-дан жаңа асқан жігіт мұндай жетістікке мемлекеттік қолдау аясында көрсетілген жеңілдетілген несиенің арқасында жеткен. Қазір асыл тұқымды сүтті және етті бағыттағы сиырлардың санын көбейтуді қолға алыпты. Себебі өнімге сұраныс бар.

Ерхан Байтазин, кәсіпкер:

- Тек еркек бастарды ғана сатумен айналысып келеміз. Ал жалпы аналық бастарды сатқан жоқпыз. Тек қазіргі таңда дамытуда, көбейтудеміз. Көмектер көрсетіліп жатыр. 6 пайызбен. Негізі үлгеріліп отырса, несиелер тиімді. Алуға мүмкіншілік бар. Жоспарлап көп мысалыға аналық бастарды көбейтіп, бұқашықтарды өзінің бордақылау алаңын саламыз ба деген келешекте жоспар бар.

Ерхан секілді биыл «Еңбек» бағдарламасына қатысып, мал өсірушілердің саны арта түскен. Жалпылай алғанда мемлекеттік қолдаудың бұл түрін иемдену үшін 852 кәсіпкерден өтініш түсіпті. Бұл тек ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жүгінгендердің саны. Нәтижесінде осы мақсатқа бөлінген 3,8 млрд теңге толық игерілген. Қаражаттың басым бөлігі бизнеске бет бұрған елді-мекен тұрғындарының үлесіне тиеді.

Нұрлан Құсмағанбетов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АОФ бөлім басшысы:

- Биылғы таңда бізге ауылдық жерге де бөлінген қаражатымыз 2,9 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде көбі өзі ауылдық мекеннен келіп, кәсіпкерлер жұмыстарын бастап кетті. Ол мал шаруашылығы ең негізгі мақсатымыз. Екіншіден, ателье ашқандар бар, қыз жасауы тігін цехтарын, моншасын ашып жатыр. СТО-сы бар, дөңгелек жөндеуге цехтарын ашып өздерінің кәсіптерін дамытып жатыр.

Мамандар «Еңбек» бағдарламасы ауылдықтардың тұрмысын түзеуге сеп болып жатқанын айтады. Себебі оның шеңберінде берілетін 6 пайыздық несие үшін кепілдікке кәсіпкердің иелігіндегі жылжитын және жылжымайтын мүлік алына береді. Қазірдің өзінде Қорға жеке іс бастауды ойлаған азаматтардан өтініштер көп түсіп жатқан көрінеді.

Авторлар: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы