424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы сауда ойын-сауық орталықтары сенбі күні жұмыс істейді

  • 70
  • UPD: 11:09, 21.11.2020
Елордадағы сауда ойын-сауық орталықтары сенбі күні жұмыс істейді jana-kezen.kz

Елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтарына жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, ал сенбі күндері 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істеуіне рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық дәрігері шаһардағы карантиндік шектеулерге байланысты жаңа қаулы шығарып, осындай ережелерді бекітті. Құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және өткізуге тыйым салынады. Міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат етіледі. Ал 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруы шектеледі.

Хабар 24 телеарнасы