423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде көп қабатты үйде өрт шығып, 30-дан астам адам эвакуацияланды

  • 80
  • UPD: 19:27, 21.11.2020
Өскеменде көп қабатты үйде өрт шығып, 30-дан астам адам эвакуацияланды фото: inform.kz

Өскемен қаласында өрт шыққан көп қабатты тұрғын үйден 30-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Крылов көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шыққан. Пәтер иесі жалынды өзі сөндірмек болды. Алайда онысынан түк шықпағандықтан өрт сөндірушілерге хабарласқан.

«Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды сөндіруге кірісті. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт өшірілді. Өрт сөндірушілер оттың пәтер ішіне тарап кетуіне жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығу себебі – тоңазытқыштың тоқ өткізгіш элементтеріндегі апаттық жұмыс режимі себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы