420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәмханадағы жарылыс себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылды

  • 95
  • UPD: 20:37, 21.11.2020

Елордада дәмханада болған жарылыстан бір адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше тағы 33 адам түрлі жарақат алды. Қазір жарылыс себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы комиссия құрылды.

Тапа-тал түсте болған жарылыс Шұбар ауданының тұрғындарын дүр сілкіндірді. Түскі 12:25-тің шамасында тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ баллоны жарылған. Оқыс оқиға салдарынан ас үйдің шатыры опырылып түсті. Бұл кезде дәмханада 42 адам болған. Он адам дереу ауруханаға жеткізілді. Тағы 30-ы дәрігерлердің қарауында. Құтқарушылар қиранды астынан екі адамды алып шықты. Өкінішке қарай бір әйел адам қайтыс болды.

Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- Бұл кафеден 15 шақты газ баллоны шығарылған. Осы кафенің қожайынының мәліметінше, жарылыс болған сәтте шамамен 30 адам, нақты саны 27 адам болған. Бұл жерден құтқарылған кезде барлығы тірі болған. 19 адам жарақат алған, ал аурухана жеткенде бір қыз баланың қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Төтенше жағдай қызметі дәмхана ішінен 15 газ баллонын шығарып үлгерген. Қала әкімі Алтай Көлгінов қайтыс болған жанның отбасына көңіл айтып, марқұмның жақындарына көмек берілетінін хабарлады.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Газ баллоны жарылған кезде бөлмеде болған әйелдің отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды.

Газ баллонының не себепті жарылғаны әзірге белгісіз. Арнайы құрылған комиссия тергеу амалдарына кіріскен. Қала әкімі барлық тамақтану орындарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.

Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды

Елордадағы жарылыс кезінде барлығы 33 адам зардап шекті

Елордадағы жарылыс: 19 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты

Хабар 24 телеарнасы