422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында өрт салдарынан 26 адам көз жұмған

  • 92
  • UPD: 17:31, 23.11.2020
Алматы облысында өрт салдарынан 26 адам көз жұмған

Жылу маусымы басталған жыл басынан бері Алматы облысында 25 адам көз жұмған.

Тағы 23 адам ауыр жарақат алыпты. 1500 өрт оқиғасының 700-ге жуығы жекеменшік секторға тиесілі. Мамандар қайғылы жағдайдың негізгі себептерін атады. Олар: төсекте жатып шылым шегу, алкогольдік ішімдікті пайдалану, балалардың отпен ойнауы және пеш жағуда кеткен қателіктер сынды адами факторлар. Өткен жылы мемлекеттік қазынадан бұл салаға 170 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Аталған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары үшін улы газды анықтайтын құрылғының 25 мыңы алынған. Қазір тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған ақпараттандыру шаралары жүріп жатыр.

Константин Канин, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

– Биыл біз әкімдіктің қолдауымен тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылғандар санатына жататын тобына түтін мен табиғи газ таралған кезде іске қосылатын құрылғылар орнатуды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз көріп отырғандай біздің облыс жаппай газға көшіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы