423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жемқорлық кәсіпкердің жолына тосқауыл болмауы тиіс – Алик Шпекбаев

  • 59
  • UPD: 20:35, 22.11.2020
Жемқорлық кәсіпкердің жолына тосқауыл болмауы тиіс – Алик Шпекбаев

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мен ақтөбелік іскерлер арасындағы кездесуде айтылды.

Алик Шпекбаев жұмыс сапарында Хромтау тұрғындарымен жеке кездесулер өткізді. Кәсіпкерлердің өтінішін тыңдады. Аудандағы «Ашық әкімдік» қызметін тексерді. Жалпы өңірдің аудандық және қалалық әкімдіктерінде «Open Space» үлгісінде 65 кабинет жұмыс істейді. Алик Шпекбаев шетелдік инвестор есебінен салынып жатқан жел электр сатнциясына барды. Жалпы құны 100 миллион доллар болатын жобаны іске асыру кезінде жемқорлыққа жол бермеу үшін көмек көрсетілетінін жеткізді. Бұған қоса облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен бірге «Халық үні» атты ашық диалогқа қатысып, тұрғындардың өтінішін тыңдады. Бизнесті қолдау мақсатында бірқатар кәсіпорын басшыларымен жемқорлыққа жол бермей, бизнес жүргізуге көмек беру туралы келісім жасалды.

Хабар 24 телеарнасы