476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

  • 282
Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды pavlodarnews.kz

Олар Аққулы ауданында қолға түсті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, орманшылар Аққулы ауданының полиция қызметкерлерімен бірге үш браконьерді ұстаған. Тәртіп бұзушылар Жамбыл ауылдық округінің маңында қолға түсті. Ұсталған кезде олардан «Орал» мотоциклі, мылтық және атылған еліктің ұшасы табылды.

– Екі браконьер қашып үлгерді, қазір олардың жеке тұлғалары анықталуда, олардың барлығы Аққулы ауданы ауылдарының тұрғындары екені анықталды, – деп атап өтті Аждар Жүсіпов.

Аң аулау құралдары мен заңсыз олжалар алынды, тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы