419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда енді той-думан қонақтары мен асабалар да жауапқа тартылады

  • 162
  • UPD: 15:23, 23.11.2020
Оралда енді той-думан қонақтары мен асабалар да жауапқа тартылады

Оралда енді той өткізгені үшін мейрамхана қожайыны ғана емес, қонақтар да, асабалар да, тіпті фотографтар да жауапқа тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда той-томалақ тыйылмай тұрғандықтан, мониторингтік топ осындай қадамға барып отырғанын айтады. Өткен демалыс күндері оннан астам думанды кеш ұйымдастырылғаны анықталды. Олардың қатарында ескертуді елемей, карантин талаптарын екінші рет бұзған кәсіпкерлер де болды. Мониторингтік топ келген кезде қонақтар топырлай қаша жөнелді. Мұндай жағдай сауық нысанында да тіркелді. Түнге дейін қызмет көрсеткен барлардың бірінде адамдардың кейбірі полицейлерден бой тасаламақ болып дәретханаға тығылып қалған. «Шектеу шараларын біле тұра, той-думан мен ойын-сауыққа келетіндер енді жазасыз қалмайды», - дейді мамандар.

Аслан Жармұханов, мониторингтік топ жетекшісі:

- СЭС мамандары келді. Олар оларға шақыру қағазын жолдады әр адамға. Ол тек қана персоналдарға емес, қонақтарға да берілді. Жан-жақтан енді көбірек полиция қызметкерлерін шақырып, ұстап қонақтарды да, асабаларды да, бәрін анықтап, кім-кім екенін, сосын тиісті шара қолданамыз.

Хабар 24 телеарнасы