420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының Қаратал ауданына мобильді бекет қойылды

  • 151
  • UPD: 16:37, 26.11.2020
Алматы облысының Қаратал ауданына мобильді бекет қойылды

Бұған аймақта коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, алдыңғы апталарда екі-үш адамнан індет белгілері байқалса, өткен жетіде 10 тұрғынның сырқаттанғаны анықталған. Олармен қарым-қатынаста болғандар үй жағдайында оқшауланып, індет ошағы зарарсыздандырылды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты әкімшілік аумақ бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұл – өңірдегі екінші тексеріс бекеті. Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін Алакөл ауданында санитарлық пост ашылған еді.

Асхат Шарапиев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Біздің Алматы облысы әлі жасыл аймақта. Басқа облыстармен салыстырғанда біздің жағдай төменірек. Бірақ енді бізде Алматы қаласы ірі мегаполис көршілес болғаннан кейін бізде де жағдай қиындап келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы