420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада мас жүргізушілерге тұсау болмай тұр

  • 154
  • UPD: 17:20, 23.11.2020
Қызылордада мас жүргізушілерге тұсау болмай тұр

Қызылордалық полицейлерге мас күйінде автокөлік басқаратын жүргізушілерді тоқтату қиынға соғуда.

Себебі спирттік ішімдікке сылқия тойған азаматтар жол патрульдік инспекторлардың бұйрығына бағынбайды екен. Көшені мас күйінде шарлаған жүргізушілерді тоқтату үшін жол сақшылары тіпті табельдік қару қолдануға дейін барады. Өткен жылдың 10 айында алкогольді ішімдік тұтынып рөлге отырған 401 адам ұсталса, биыл 438 дерек анықталып отыр. «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы басталған 10 күннің ішінде мас күйінде көлік тізгіндеген 13 азамат тәртіп сақшыларының қолына түсті. Транспорт басқару ережесін бұзғандар 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалса да, айылын жияр емес. Жыл басынан бері осындай жауапқа тартылған 32 адам қайтадан мас күйінде көлік айдап, қала көшелерін жарыс алаңына айналдырған.

Ермекбай Құдайбергенов, қалалық ПБ басшысының орынбасары:

– Бір жылдың ішінде қайталап мас күйінде көлік басқарса, Қылмыстық кодекстің 346-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мас жүргізушілердің жол-көлік оқиғасын жасау дерегі төмен. Дегенмен былтырғымен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы жоғары болып отыр. Қала тұрғындарынан автокөліктерді заң аясында айдауды сұраймыз. Бұл шара жыл аяғына дейін жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы