419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп барады

  • 248
Оралда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп барады

БҚО-да қатерлі індет жұқтыру көрсеткіші соңғы аптада 17%-ке өсті.

Сары аймаққа өткен өңірде әр күн сайын 40 шақты адамның ауруға шалдығатыны анықталып отыр. Дәрігерлер аса қажет болмаған жағдайда емханаларға қаралудың дұрыс емесін айтады. Өңір тұрғындарының тұмау мен коронавирус инфекциясын жұқтыруын бақылау мақсатында 123 жылжымалы жасақ жұмыс істейді. Олар шақыртулар бойынша барып ПТР сынамаларын алады. Сонымен қатар қатерлі індет белгілері анықталған тұрғындармен үнемі байланыста. Мамандар эпидемиологиялық шараларға бей-жай қарайтын тұрғындармен жүргізілетін жұмыс әлі де ширай түсуі қажет деген пікірде.

Әдемі Хасанова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

– Бұл тұрғындарымыздың әлі де эпидемиологиялық жағдайға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Сондықтан тұрғындардан ең бірінші өзінің отбасының, жақындарының аманшылығы үшін осындай көпшілік іс-шараларды өткізбеуді және көпшілік жиналатын жерлерге бармауды сұраймыз. Жабық үй-жайларда әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды, сонымен қатар жеке гигиена талаптарын сақтауды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы