419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының Қаратал ауданына мобильді бекет қойылды

  • 158
  • UPD: 16:36, 26.11.2020
Алматы облысының Қаратал ауданына мобильді бекет қойылды

Бұған аймақта коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуы себеп.

Алдыңғы апталарда екі-үш адамнан індет белгілері байқалса, өткен аптада 10 тұрғыннан вирус анықталған. Олармен қарым-қатынаста болғандар үй жағдайында оқшауланып, індет ошағы залалсыздандырылды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты әкімшілік аумақ бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұл – өңірдегі екінші тексеру бекеті. Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін Алакөл ауданында санитарлық пост ашылған еді.

Асхат Шарапиев, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Біздің Алматы облысы әлі жасыл аймақта. Басқа облыстармен салыстырғанда біздің жағдай төменірек. Бірақ Алматы қаласы ірі мегаполис көршілес болғаннан кейін бізде де жағдай қиындап келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы