420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық полицейлер коронавирус жұқтырды

  • 91
Павлодарлық полицейлер коронавирус жұқтырды

Аққулыда карантиндік шектеулер енгізілді.

Өткен аптаның соңында аудан бойынша 11 адамнан қауіпті індеттің белгілері табылған еді. Оның жетеуі полиция қызметкері болып шықты. Осыған орай Павлодар облысының Аққулы ауылында екі мектеп қашықтан оқуға көшіп, бір балабақша жабылды. Жұқпалы дерттің полиция қызметкерлері арасында таралуына мал ұрлығымен айналысқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны себепкер екен. Тергеу жүргізу мақсатында аудандық полиция бөлімінің тергеушісі күдіктіні қызметтік көлікпен аудан орталығына жеткізген. Сөйтіп онымен байланыста болған алты полиция қызметкерінен де қауіпті дерт анықталды.

Эльмира Темірғалиева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

– Қазіргі таңда осы қызметкерлермен жалпы байланыста, қарым-қатынаста болғандардан, туған-туысқандарынан да ПТР сынамасы алынды. 18 адамның ішінен 10-ы оң нәтиже берді. Оның екеуі – бала. Қазіргі таңда олардың қал-жағдайы жақсы. Қазір медицина қызметкерлердің қарауында.

Хабар 24 телеарнасы