420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысы қызыл аймаққа енді

  • 152
  • UPD: 00:16, 24.11.2020
Ақмола облысы қызыл аймаққа енді

Өңірде індет жұқтырғандар күрт көбейді.

Өткен тәулікте 61 адамнан вирус анықталған. Осылайша 5 бірдей өңір қауіпті аймаққа кіріп отыр. Олар: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары. Ал БҚО және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Үкімет басшысы жағдайды дереу қалыпқа келтіру керектігін айтты. Емдеу мекемелері дайын болуы керек. Одан бөлек қажетті препараттармен қамтылуы тиіс. Осы күні елдегі ауруханалардың 22% толған. Жансақтау бөлімдерінде жатқан науқастардың саны да артып барады.

Хабар 24 телеарнасы