420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда 37 адамға пәтерлер заңсыз берілген

  • 103
  • UPD: 23:04, 23.11.2020
Түркістанда 37 адамға пәтерлер заңсыз берілген

Түркістан қаласында Тұрғын үй қатынастары бөлімінің маманы жалған қаулы жасап, 37 азаматқа үй алып берген.

Қазір бұл істі прокуратура сотқа жолдады. Қала прокурорының айтуынша, күдікті заңсыз үй алуға ниет танытқандардың әрқайсысынан 1,5-2 млн теңгеге дейін сыйақы алған. Мұның бұл ісін қалалық әкімдік әшкерелеп, полицияға арызданыпты. Қылмыстық істі қарау барысында пәтерлерге заңсыз қоныстанған 16 адам өз еркімен баспананы босатты. Қалған 21-інің мәселесі сотта қаралған. Нәтижесінде 12 адам пәтерден көшірілді. Ал тоғыз адамға қатысты мәжбүрлі түрде босату туралы сот шешімі шыққан.

Жаннұр Ахметбек, қала прокуроры:

– Бүгінгі күні екі пәтер босамаған. Ол бойынша сот шешімі мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушыларға жолданған. Олар бойынша сот орындаушылармен бірге мәжбүрлеп шығару әрекеттері жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы