419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардағы «Үй жанындағы дүкен» жобасы тиімсіз болып шықты

  • 90
  • UPD: 23:07, 23.11.2020
Павлодардағы «Үй жанындағы дүкен» жобасы тиімсіз болып шықты

Бұл туралы жауапты компания өкілдері мәлімдеді.

Бастапқыда қаладағы газгольдерлерді алып тастап, орнына кәсіпкерлік нысандар салу көзделген. Бірақ бұл жоба іске аспай қалды. Себебі азық-түлік дүкендерін салған бизнесмендер бәсекелестеріне төтеп бере алмады. Сөйтіп дүкендері жабылып қалған. Сондықтан жерді жергілікті биліктің қарамағына қайтару туралы шешім қабылданды. Оған қоса аулалардың ішінде кішігірім дүңгіршектерді ашу мәселесі тұрғындармен келісілмеген болып шықты. Жалпы осы жоба аясында 130-дан астам газгольдердің орны сатылған. Бүгінгі күні сол орындарда тек бес дүкен жұмыс істеп тұр.

Мейрам Утешев, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы:

– Жобаны жүзеге асыруға 60 млн теңге жұмсалды. Бұл кірістің басым бөлігі газ құрылғыларын сатудан келді. Нәтижесінде босаған 13 учаскені кәсіпкерлерге жалға бердік. Қалғаны бос тұрды. Бағдарламаны қолға алған корпорация төрт жыл ішінде небары 10 млн теңге көлемінде нәпақа тапты. Бұл тым аз. Бұл ұсақ шығындарды есепке алмағанда жобаны тиімсіз деп таныдық.

Хабар 24 телеарнасы