420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында той жасау тыйылмай тұр

  • 106
  • UPD: 00:13, 24.11.2020
Түркістан облысында той жасау тыйылмай тұр

Түркістан облысында жасырын той жасайтындар аз емес.

Карантин кезінде думандатып, шектеулерге шекесінен қараған 506 адам әкімшілік жазаға тартылды. Тәртіптік қадағалаулар отбасылық жиын-той өткізушілерге тосқауыл болмай тұр. Мәселен, Арыс қаласындағы мына бір тойхана карантинді елемей, күнде той өткізген. Ал Келес ауданында өз үйінде беташар жасағандар бар. Шардаралықтардың да бағынғысы жоқ. Ондағы тұрғынның бірі туыстарын жинап, құдаларын қарсы алған. Түркістан мен Кентау да қалысар емес. Той өткізуді тоқтатпаған он шақты тойхана иесіне айыппұл салынды.

Әбдуғани Сейдуалиев, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

– Мобильдік топтармен 5550 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, осының 4373-іне 223 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Бұның 500-ден астамы – той, құдалық жасағандар. Қалғандары кәсіпкерлердің шектелген уақытты бұзуы және маска тақпай жүрген азаматтарға қатысты.

Хабар 24 телеарнасы