419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда карантинге бағынбағандар жауапқа тартылды

  • 108
  • UPD: 00:13, 24.11.2020
Қостанайда карантинге бағынбағандар жауапқа тартылды

Мейрамханалар түнде де жұмысын тоқтатар емес.

Көңіл көтерушілер мобильді топ келгенде ғана тарқай бастайды. Түн ортасында жұмыс істеген дәмхананың бірінде жиылған жұрттың бір бөлігі тексерушілер келгенде дәретханаға жасырынған. Ал түнгі клуб сыртқы есігін бекітіп тастап, қызметін жалғастыра берген. Тәртіп бұзғандарды ұстау үшін полицейлерге биік қоршаудан секіруге тура келді. Өткен демалыс күндері Қостанай облысында осындай заңбұзушылықтардың 115 дерегі тіркелді.

Илона Тимошенко, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

– Облыс орталығында 21:00-ден кейін жұмысын тоқтатпай, жиі тәртіп бұзатындар қатарында қоғамдық тамақтану орындары, дөнер сату дүңгіршектері, сыра дүкендері бар. Такси қызметінің де түнгі уақытта жұмыс істеу фактілері тіркелді. Сонымен бірге отбасылық жиындар, құдалық, үйлену тойлары да жиі болып тұрады.

Хабар 24 телеарнасы