419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде карантинде той жасағандар әшкере болды

  • 206
  • UPD: 00:12, 24.11.2020
Семейде карантинде той жасағандар әшкере болды

Семейде де карантинді керек қылмайтындар бар.

Мұндағы жұрт дәл Полиция басқармасының алдында орналасқан дәмханада той жасаған. Қазір ШҚО қауіпті індет жұқтыру көрсеткіші бойынша қызыл аймақта. Сондықтан облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бұқаралық шаралар мен жиын-тойларға тыйым салынған. Сондай-ақ демалыс күндері жұмыс істеп тұрған монша мен алтын сататын дүкен жұмысы да анықталып, тиісті хаттама толтырылды. Қаулыға сәйкес бұл мекемелер де сенбі-жексенбіде жұмыстарын тоқтатуы тиіс еді.

Елубек Оспанов, қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі жетекшісі:

– Қазіргі таңда осы фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін СЭС-ке, тауарлар сапасын қадағалайтын басқармаға жолданды. Процессуалдық шешімді сол кісілер қолданып, осы азаматтардың барлығына айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы