419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин шығысқазақстандық кәсіпкерлердің жұмысын ширатты

  • 95
Карантин шығысқазақстандық кәсіпкерлердің жұмысын ширатты

Шығысқазақстандық кәсіпкерлер карантин кезінде жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, оны көбейтуге күш салып жатыр.

Солардың бірі – шемонайхалық Ержан Дакиев. Ол мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алып, жаңа кәсіпорын ашқан. Негізінен нан-тоқаш, кондитер өнімдерін шығарумен айналысады. Алғашында 65 адам еңбекпен қамтылса, сұраныстың артуына байланысты қосымша 12 тұрғын тағы жұмысқа алыныпты. Карантиндік сақтық шараларын бұлжытпай орындап, жұмысын ширата білген кәсіпкер үйге жеткізіп беру қызметін де тиімді жүзеге асырып отыр.

Ержан Дакиев, кәсіпкер:

- Қауіпті індетке байланысты шектеулер де күшейіп тұр. Дегенмен біз бұған қарамастан жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, керісінше көбейтіп жатырмыз. Кондитер бұйымдарын шығаратын цехқа жұмысшылар керек, оңтүстік өңірден келген ағайындарды да жұмыспен қамтыдық. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірмеуге тырысамыз. Өйткені осындай қысылтаяң шақта бірімізге біріміз жанашырлық танытуымыз керек. Қайырымдылық шараларынан да тыс қалмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы