420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында карантин және шектеу шаралары ұзартылды

  • 136
Түркістан облысында карантин және шектеу шаралары ұзартылды

Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 20 қарашадан бастап сыныптағы бала саны 15 адамға дейінгі қалалық мектептерге дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашық базарлар мен сауда орталықтарының қызметі бұрынғыша жалғаса береді. Демалыс және мереке күндері таңғы сағат 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Бірақ сауда орындарында санитарлық талап күшейтіліп, әлеуметтік арақашықты және маска тағу тәртібін сақтау міндеттеледі. Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының айтуынша, қоғамдық тамақтану орындары тек жұмыс күндері үстелдер арасында 2 метр арақашықтықты сақтай отырып, 50 адамға дейін отырғызуға болады. Алайда ұжымдық, отбасылық мерекелерді атап өтуге тыйым салынады. Қоғамдық көліктерге аптаның 7 күнінде де жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал қаулыдағы басқа талаптар сол күйі өзгеріссіз қалдырылған.

Айта кетейік облыстағы инфекциялық стационарларда бүгінде 6 адам коронавирус инфекциясынан және 28 азамат вирусты пневмониядан ем қабылдауда.

Хабар 24 телеарнасы