424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

CҚО-да ауыл мектебі қашықтан оқуға көшті

  • 945
  • UPD: 11:45, 24.11.2020
CҚО-да ауыл мектебі қашықтан оқуға көшті

Солтүстік Қазақстан облысында Чехов орта мектебінің жеті оқушысы мен шағын орталықтың бір тәрбиеленушісінен коронавирус инфекциясы анықталды.

Осыған байланысты аталған білім ошағы қашықтан оқу үрдісіне көшті. Қазір балалардан бөлек, ұстаздарға да мектепке келуге тыйым салынып отыр. Енді олар сабақты онлайн түрде жүргізеді. Ол үшін Ақбұлақ ауылына қосымша интернет желісі орнатылып жатыр. Нақты шешім бір аптадан кейін қабылданады. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаса, білім ұясы карантинге жабылуы мүмкін. Қазір індет жұқтырғандардың денсаулықтары жақсы. Мамандар байланыста болған оқушылардан ПТР тест алған. Әзірге ешкімнен ауру белгілері байқалмайды. Айта кету қажет, аталған мектеп бірінші тоқсанда штаттық режимде жұмыс істеді. Онда 90 оқушы білім алады. 

Айтқазы Әубәкіров, Уәлиханов аудандық білім бөлімінің басшысы:

– Демалыс күндері үлкендерден балаларға жұққан. Балаларға 40 компьютер тараттық. Қалған балалардың планшет, компьютерлері бар.

Хабар 24 телеарнасы