419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент Алматыда ағаштарды кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

  • 111
  • UPD: 11:46, 24.11.2020
Президент Алматыда ағаштарды кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын», - деп жазды.

Хабар 24 телеарнасы