419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің су айдындарында балықшылардың көз жұму жағдайлары жиілеп кетті

  • 109
  • UPD: 12:09, 24.11.2020
Еліміздің су айдындарында балықшылардың көз жұму жағдайлары жиілеп кетті ҚР ТЖМ

ТЖМ аумақтық бөлімшелері су айдындарда адамдардың (балықшылардың) қаза болуының алдын алу бойынша рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Рейд барысында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан-22 қараша) елдің су айдындарында 12 адам, оның ішінде бір бала көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Балық аулау кезінде ережелердің бұзылуынан 11 адам қаза тапты және ересек адамдардың қарауынсыз қалған бір бала абайсызда суға құлап, суға батып кетті.

Қайтыс болғандар Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының су айдындарында тіркелді.

Мәселен, өткен күз-қыс маусымында (2019 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін) еліміздің су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан, сондай-ақ мұз өткелдері арқылы өту кезінде 37 адам (оның ішінде 10 бала) көз жұмды.

Қайғылы жағдайдың негізгі себептері:

1) 19 адам балық аулау кезінде (жағалаудан және/немесе жүзу құралдарынан) суға құлаған;

2) 7 адам балық аулау кезінде мұз астына құлап кеткен;

3) ойнап жүріп 8 бала мұз астына түсіп кеткен, 2 бала суға құлаған;

4) 1 адам мұз өткелдері арқылы өту кезінде құлаған.

Аумақ бойынша алып қарасақ, қаза болғандар Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының су айдындарында тіркелді.

Қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

1) тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген кезде мұзға шықпаңыз;

2) мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шықпаңыз;

3) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

4) мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамаңыз;

5) автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шықпаңыз.

Мұз астына балық аулауға, балық аулауға қатысушыларға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға, шектеулі алаңда екіден көп шұңқыр тесуге және от жағуға жол берілмейді,сондай-ақ өту орындарында балық аулауға арналған желілерді орнатуға және шұңқырларды тесуге жол берілмейді.

Судағы (мұздағы) оқиғалар көбінесе адамның өз-өзіне сену, өз күштері мен мүмкіндіктерін қайта бағалау, судағы (мұздағы) қарапайым ережелерді елемеу салдарынан орын алады.

Хабар 24 телеарнасы