419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады

  • 125
  • UPD: 12:42, 24.11.2020
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады Ernur.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешу шаралары туралы баяндады.

М.Мырзағалиев атап өткендей, бүгінгі таңда жаңа Экологиялық кодекс Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қабылданды. Ол қоршаған ортаға теріс әсерді едәуір төмендетуге бағытталған, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Алайда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануын күтпей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын барлық өңірлердегі жұртшылықпен, әсіресе экоактивистермен қарастырдық», – деді министр.

2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 елді мекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сонымен қатар ластаушы заттар шығарындыларының едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі.

 М. Мырзағалиев өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Алматы қаласының ластануы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жылу көздерінің, автокөліктердің және қалаға іргелес Алматы облысының газдандырылмаған жеке үйлерінің шығарындыларымен байланысты.

Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп, жер учаскелері, инфрақұрылым және зауыттардың қалдықтармен кепілді жүктелуі мәселелері пысықталуда.

Пилоттық жобалар сәтті іске асырылған жағдайда зауыттар басқа қалаларда да салынатын болады. Осы технологияның арқасында 2025 жылға қарай қайта өңдеу деңгейі 30%-ке, яғни орташа еуропалық деңгейге дейін жеткізіледі.

«Жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануы елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жүйелі шешімдерді береді. Өңірлерде экологиялық проблемаларды шешу кешенді шараларды және едәуір уақытты талап ететінін ескере отырып, қысқа мерзімді перспективада Жол карталарында көрсетілген іс-шаралардын толыққанды орындау қажет деп санаймыз», – деді министр.

Олардың орындалуы мынадай оң нәтижелерге әкеледі:

  1. 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге төмендетуге;
  2. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін ағымдағы 15%-дан 30%-ға дейін жеткізуге;
  3. 24 жаңа полигон салу және толып кеткен 5 полигонды қалпына келтіруге және жоюға;
  4. Ежелден ластанған жерлерді қалпына келтіруге және жоюға;
  5. 7 жаңа кәріздік тазарту кешенін салуға және 12 кәріздік тазарту кешенін қайта жаңғыртуға;
  6. Елді мекендерде 15 млн және орман алқаптарында 2 млрд ағаш отырғызуға мүмкіндік береді.
Хабар 24 телеарнасы