419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде астық қоры құрылады

  • 109
  • UPD: 13:36, 24.11.2020
Елімізде астық қоры құрылады

Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім Қазақстанда төтенше жағдайлар болған кезде астық тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Ол үшін жыл сайын республикалық бюджеттен шамамен 2,4 миллиард теңге бөлінуі тиіс. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл заң жобасында астық қорын мемлекет тарапынан басқаруға қажетті барлық құқықтық негіздер қамтылғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ құжат мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы жемшөп базасын дамытып, тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыруға бағытталған. Нәтижесінде жоғары сапалы тұқым өндірісінің көлемін ұлғайту көзделген. Және де бұл жобада «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясының мәртебесі мен рөлі айқындалады.

Хабар 24 телеарнасы