420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы 8 ауылдан карантин алынды

  • 135
  • UPD: 13:31, 24.11.2020
СҚО-дағы 8 ауылдан карантин алынды

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы тіркелген бірқатар елді мекендерде карантин алынып тасталды.

Бұл туралы ветеринария басқармасының қызметкерлері хабарлап отыр. Шектеу шаралары өңірдің 8 ауылында күшін жойды. Мамандардың айтуынша, әлі 7 ауыл жабық. Өңірде бұл аурудан 1 жарым миллионнан астам құс қырылып қалды. Шығынға батқан шаруаларға өтемақы төленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы