Шекарашылар COVID тесттерін елден алып шығу әрекетін тоқтатты, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID Test KIT) анықтайтын 1000 тестті Қазақстаннан шығару әрекетін тоқтатты.
Ұсталған жүктің алдын ала құны – 5 074 480 мың теңге. Ол БҚО МКД қызметкерлеріне берілді.