420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ағаштардың заңсыз кесілуі: тергеу басталды

  • 109
  • UPD: 17:03, 24.11.2020
Алматыда ағаштардың заңсыз кесілуі: тергеу басталды

Алматыда 23 қарашаға қараған түні «Sulpak» СҮ жанында заңсыз 13 ағаш кесілді.

Бұл өрескел оқиға Президент пен қоғамның наразылығын тудырды. Қала әкімдігі ағаш кесуге рұқсат берген жоқ. Қоршаған ортаға келтірілген зақымның мөлшері есептеледі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев facebook парақшасында осылай деп жазды.

«Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Іс Алмалы ауданына қарасты ПБ-ның қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз етіп, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Қазіргі уақытта сауда үйінің жанындағы аумақты «Arena S» ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК «Сакура» мен «Бурибекова» мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды. «Сакура» ЖК-ның басшысы ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», - деп мәлімдеді әкім.

Президент Алматыда ағаштарды кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы